Бағдарлама
Оқу бағдарламасы қандай негізде жүргізіледі?
Оқу процесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (ЖМББС) және бастауыш білім берудің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
Мақсат
Оқу ортасының негізгі мақсаты неде?
Біздің мақсатымыз – оқуға деген қызығушылықты арттыру, негізгі оқу дағдыларын (оқу, жазу, есептеу) қалыптастыру және баланың әлеуметтік-эмоционалдық дамуына қолдау көрсету.
Қатысушылар
Бағдарламаға қандай жастағы балалар қатыса алады?
Бағдарлама 6-7 жастан бастап 11 жаска дейінгі (1-4 сыныптар) балаларға арналған. Жасына қарамастан, баланың мектепке дайындығы жеке бағаланады.
Күн тәртібі
Оқу күні қалай ұйымдастырылады?
Оқу күні сабақтар, сергіту сәттері, тамақтану үзілістері және үй тапсырмасын орындауға арналған уақытты қамтитын стандартты кестені ұстанады. Балалардың жасына лайықты жүктеме ескеріледі.
Ата-аналар
Ата-аналардың қатысуы қалай жүзеге асырылады?
Біз ата-аналармен үнемі байланыс пен ынтымақтастықты ұстанамыз. Тұрақты кері байланыс, ата-аналар жиналыстары және ашық сабақтар өткізіледі. Бірақ, тікелей оқу процесіне араласу шектеулі.
Нәтиже
Оқу нәтижелері қалай бағаланады?
Бағалау формативті (үйрену процесін бақылау) және суммативті (тоқсан, жыл соңындағы) болып жүргізіледі. Біз жеке даму динамикасын бақылаймыз және баланың жетістіктерін құптаймыз.